Jacobs® сайтына қош келдіңіздер. Осы сайтты сіздерге Қазақстан Республикасы, 050012 / A05H0E3, Алматы қ., Алмалы ауданы, Төле би к-сі, 101 мекен-жайында тіркелген «ЯКОБС ДАУ ЭГБЕРТС ҚАЗАҚСТАН» ЖШҚ, БСН 141240017923 ұсынған.
Қолданылуы
Пайдаланудың осы шарттары («Пайдалану шарттары») осы сайтқа келу және пайдаланудың барлық жағдайларына, және де сізге немесе осы сайт арқылы ұсынылған барлық ақпараттарға, ұсыныстарға және/немесе қызметтерге («Ақпарат») қолданылады. Осы сайтты пайдалана отырып, сіз осы Шарттармен келісесіз. Осы Шарттарды «ЯКОБС ДАУ ЭГБЕРТС» кез келген сәтте өзгертуі немесе басқадай түрде толықтыруы мүмкін. Өзгертілген немесе толықтырылған Шарттар осы Сайтта жарияланған сәттен бастап күшіне енеді.
Ақпарат жәнежауапкершілік
Ақпарат хабардар ету мақсатында жарияланған. «ЯКОБС ДАУ ЭГБЕРТС» немесе оның басшылығы тарапынан жат пиғылды әрекеттің немесе дөрекі абайсыздықтың нәтижесінен осындай залал келу жағдайларын ескермегенде, «ЯКОБС ДАУ ЭГБЕРТС» сайтты пайдалануға (немесе пайдаланудың мүмкін еместігіне) байланысты зиянды бағдарламалармен, немесе Ақпараттың дұрыс еместігімен немесе толық еместігімен келтірілген залалдарды қоса алғанда, кез-келген залал үшін жауап бермейді. «ЯКОБС ДАУ ЭГБЕРТС» электронды хабарламаларды жеткізудің сәтсіздігінен немесе кешеуілдеуінен, үшінші тұлғаның немесе электрондық коммуникациялар және вирустарды беру үшін қолданылатын компьютерлік бағдарламалардың ұстап алуынан немесе манипуляция жасауынан туындаған залалдарды қоса алғанда, бірақ шектелмей, электрондық коммуникация құралдарын пайдаланудан туындайтын залал үшін жауап бермейді.
Құпиялық саясаты
Сайттың көмегімен немесе оны пайдалануға байланысты берілетін немесе жиналатын жеке деректер, тек қана Jacobs-тың Құпиялық саясатына сәйкес қолданылуы тиіс. Пайдалану шарттары Jacobs-тың осы Сайтта жарияланған Құпиялық саясатын ескере отырып қолданылады.
Басқа сайттарғасілтемелер
Осы сайтта басқа сайттарға сілтемелер болуы мүмкін. «ЯКОБС ДАУ ЭГБЕРТС» осы сайтқа бағыттайтын сілтемелері бар сайттардың, немесе осы сайттағы сілтемелер бойынша қолжетімді сайттардың мазмұнын пайдалану үшін жауап бермейді. Jacobs-тың Құпиялық саясаты осындай сыртқы сайттарға немесе олар арқылы сіздің дербес деректеріңіздің кез келген өңделуіне қолданылмайды.
Зияткерлік меншік
Егер басқадай көрсетілген болмаса, зияткерлік меншік нысандарына авторлық құқықтар және басқа да құқықтарды қоса алғанда, осы Сайтқа және Ақпараттарға деген барлық құқықтар «ЯКОБС ДАУ ЭГБЕРТС»-ке тиесілі. Қолданушыларға сайтты және Ақпараттарды оқуға және жеке пайдалану үшін көшірме жасауға, мысалы, ақпаратты қағазға басып шығаруға және сақтауға рұқсат етілген. Сайтты және Ақпараттарды пайдаланудың барлық басқа түрлері, мысалы, «ЯКОБС ДАУ ЭГБЕРТС» сайтын (сайттың бір бөлігін) басқа сайтта сақтау немесе қайта шығару немесе «ЯКОБС ДАУ ЭГБЕРТС» сайты мен кез келген басқа сайт арасында сілтемелер жасау, гипермәтіндік сілтемелер жасау «ЯКОБС ДАУ ЭГБЕРТС»-тен алдын ала жазбаша келісімді алуды талап етеді.
Jacobs® және осы сайтта аталатын барлық басқа тауарлық белгілер, «КОНИНКЛИЖКЕ ДАУ ЭГБЕРТС» («КДЭ»), «ЯКОБС ДАУ ЭГБЕРТС» немесе олардың аффилирленген және/немесе еншілес тұлғаларының кез келгендерінің тіркелген тауарлық белгілері болып табылады.
Сұралмаған идеялар
Егер сіз осы сайтта сұралмаған идеяларды және/немесе материалдарды, олардың мәтіннен, дыбыстан, бағдарламалық қамтамсыздаудан, ақпараттан немесе басқа нысандардан («Материалдар») тұратындығына қарамастан, жариялаған болсаңыз немесе оларды «ЯКОБС ДАУ ЭГБЕРТС»-ке электронды пошта арқылы немесе басқа тәсілмен жолдаған болсаңыз, «ЯКОБС ДАУ ЭГБЕРТС» осындай Материалдарды шектеусіз және төлемсіз пайдалануға, көшіруге және/немесе коммерциялық тұрғыда пайдалануға құқық алады, және «ЯКОБС ДАУ ЭГБЕРТС» осындай Материалдарға қатысты қандай-да бір міндеттемелермен байланысты болмайды. Осымен Сіз кез келген үшінші тұлғаның құқықтарын (зияткерлік меншікке деген) бұзатын немесе басқа мағынада үшінші тұлғаның құқықтарын бұзатын Материалдарды пайдалану және/немесе қолдану нәтижесінде «ЯКОБС ДАУ ЭГБЕРТС» тарапынан қойылған және төленген барлық талап арыздар, наразылықтар және теңгерімақылар бойынша кез келген жауапкершіліктен «ЯКОБС ДАУ ЭГБЕРТС»-ті босатуға және қорғауға міндеттелесіз.
Қолданылатынқұқықжәне юрисдикция
Пайдаланудың осы Шарттары тек қана Қазақстан Республикасының құқықтарымен реттеледі. Пайдаланудың осы Шарттарына байланысты барлық даулар, олардың бар болуы және жарамдылығы туралы дауларды қоса алғанда, егер заңнамалық нормаларда басқадай белгіленген болмаса, Алматы қ. құзіретті сотының қарастыруына жолдануы тиіс.
Соңғы нұсқасы: 14 маусым 2016 ж.